Жолдардың сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жасалып жатыр

2 Тамыз 2022, 17:27
1942
Бөлісу:
Жолдардың сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жасалып  жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жол құрылысының сапасын жақсарту үшін Министрлік жүйелі шаралар мен жаңа тәсілдерді әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші. Кепілдік кезеңінде ақаулар пайда болған жағдайда техникалық, авторлық қадағалау және тапсырыс берушінің жауапкершілігін күшейту көзделеді.

Екінші. ФИДИК элементтерін енгізу арқылы (мердігерлер, тапсырыс берушілер және инженерлер арасындағы өзара қарым-қатынас, әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады) толық аяқталған схема бойынша EPC келісімшарттарын енгізу (жобалау, пайдалану және құрылыс).

Үшінші. Жаңа технологияларды енгізу және кадрларды даярлау.

Бұдан басқа, сапаны қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдарға қаржылық тәуелділікті жою үшін «Көлік туралы» Заң жобасының шеңберінде бірыңғай шартқа қол қою тетігі уәкілетті органмен және Сапа орталығымен пысықталатын болады. Бұл шартқа қарамастан әкімдіктердің атына ескертулер беруге және олардың міндетті түрде орындалуын талап етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы жергілікті жолдардың сапасына бақылау жүргізу барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, олардың 2,5 мың сынамасы немесе 28%-ы талаптарға сәйкес келмейді.

Анықтама ретінде: сәйкессіздік бойынша көшбасшылар Шымкент (71%), Маңғыстау (61%), Алматы (56%), ШҚО (49%), БҚО (43%), Түркістан қ. (40%) болып табылады.

Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер объектілерді қабылдауда. Мұндай фактілер бойынша кейбір өңірлерде қылмыстық істер қозғалды.

(Ақтөбе облысы – сапасыз орындау және Сапа орталығының ескертулерінен кейін қабылдау фактісі бойынша Экономикалық тергеу департаменті; Шымкент қаласы – актілерге жалған қол қою фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

Сонымен қатар қаржыландыруды тепе-тең бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Міндеттемелерге қарамастан жекелеген облыстар бұл талаптарды сақтамайды (БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар).

Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жергілікті жолдарды дамыту қарқыны төмен.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша республиканың орташа көрсеткіші 80% бола тұра өңірдегі жолдардың нормативтік жай-күйі 39%-ды құрады.

Батыс Қазақстан облысына ағымдағы жылы 2,6 млрд теңге бөлінді, бұл барлық бюджеттің 10%-ын (қажетті қаржыландыру 30% кезінде) құрап отыр (РБ-23,7 млрд  теңге).

Өзгелердің жаңалығы