Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мен 18 қыркүйек аралығында елордада «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінен құралған мобильді топтар сағат 09.00 -18.00 аралығында елорданың сауда орталықтары мен басқа да қоғамдық орындарында қала тұрғындары мен қонақтарына құқықтық көмек көрсетуде.
Азаматтар жол қауіпсіздігі, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. өздерін мазалаған мәселелер бойынша кеңес алуда.
Сонымен қатар азаматтар ПД-нің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «police_nur_sultan» және «police_uap_nur_sultan» ресми аккаунттарында тікелей эфир кезінде полицияға сұрақтар қоя алады.
Акцияның алғашқы күнінде полицияға 200-ге жуық азамат жүгінген. Сенім телефонына 50-ден астам сұрақ келіп түсті. Акция өтетін жерлерде карантиндік және санитарлық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілген.
Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласып құқықтық кеңес алуына болады. +7(7172) 71-69-77, 67-75-75, 53-27-74, Whatsapp, Messenger: +7-708-382-13-76, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.