«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері марапатталды

7 Тамыз 2022, 19:01
1296
Бөлісу:
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері марапатталды

Көлік қызметкерлері күніне орай кәсіби еңбегі мен жетістіктері үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 80 астам қызметкерінің еңбегі түрлі наградалармен атап өтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мереке қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов қызметкерлерді құттықтап, олардың алтауына «Құрметті теміржолшы» жоғары салалық марапатын табыс етті. 35 қызметкер оның қолынан грамоталар алды. ⠀

 Үздік қызметкерлерге марапаттарды қуана-қуана тапсырамын! Әр қызметкер құрметке лайық және өз жұмысын мақтан тұтуы керек. Құрметті атақтар мен наградалармен марапаттау фактісі сіздердің өз мамандықтарыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді және үздік дәстүрлерге берілгендіктеріңізді дәлелдейді, - деді Жәнібек Тайжанов.

Өзгелердің жаңалығы