Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: қаза тапқандар бар

28 Шілде 2025, 01:28
25201
Бөлісу:
 Thomas Warnack/dpa
Фото: Thomas Warnack/dpa

Германияның оңтүстік-батысындағы Биберах ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild порталына сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға салдарынан кемінде 3 адам көз жұмып, 34 адам жарақат алған. Құрамның кейбір вагондары рельстен шығып, орман жиегіне қарай аударылып кеткен. Бір вагон қатты зақымданып, төбесі майысқан. Басқа бірнеше вагон ағаштардың арасындағы жағалауға шығып кеткен.

Оқиға орнына дереу полиция, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды. Құтқарушылар зардап шеккендер болуы мүмкін вагондарды тексеріп жатыр.

Бұған дейін, 7 маусымда Румынияда Бухарест – Крайова бағыты бойынша келе жатқан 35 бензин цистернасы бар жүк пойызы рельстен шығып кеткен еді. Ол кезде де апат салдарын жою үшін арнайы техника мен химиялық қорғаныс құралдары тартылған болатын.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала себептері әзірге ресми жарияланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы