Жолаушыларға отырғызу талонын қалай алуға болады?

28 Қараша 2019, 12:05
4303
Бөлісу:
Жолаушыларға отырғызу талонын қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта электрондық тіркеу белгісі бар электрондық жол жүру құжаттары (билеттер) ҚТЖ-ға қарасты барлық жолаушылар пойыздарында рәсімделеді. 

Вагонға кіреберісте жолсерік қолындағы ұтқыр терминалы арқылы электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеп, отырғызу талонын береді. Егер де сапар барысында сізге отырғызу талоны берілмесе – онда сіз "Жолаушылар тасымалы" АҚ–на қарасты кез-келген билет кассасында өзіңіздің жеке куәлігіңіз бен жол жүру билетіңізді көрсетіп, отырғызу талонын ала аласыздар. Сол сияқты Bilet.Railways.kz сайты арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарына отырғызу талонын сол сайттан ала аласыздар,- делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсандағы мерекелік күндерде қосымша пойыздар шығатынын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы