Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

17 Қаңтар 2019, 18:16
6148
Бөлісу:
Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті
PHOTO

Өскемен, BAQ.KZ. Бүгін Өскемендегі Орталық қалалық кітапханада ұлттық саз аспаптарын жасаудың хас шебері, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу өтті. 

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

Жолаушы Әбілғазыұлының қолынан шыққан домбыралар Бекболат Тілеухановтың, Мақпал Жүнісованың, Жанар Айжанованың, Майра Ілиясованың, Әбділхамит Райымбергеннің, Қайрат Байбосыновтың, Айгүл Үлкенбаеваның, Асылбек Еңсеповтің, Музарт ансамблінің, Секен Тұрысбековтің қолдарында күмбірлеп жүр. 

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

Сонымен қатар, Жолаушы Тұрдығұлов жасаған саз аспаптары Германия, Жапония, Қытай, Моңғолия, ТМД елдерінен кездестіруге болады. Соның ішінде Америкада ашылған әлем музыка аспаптарының музейінде Жолаушының екі домбырасы қойылған.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

"Кездесуге қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, шебердің өнерін құрметтеген өнерсүйер қауым, қала мектептеріндегі домбыраға әуес дарынды оқушылар және өнерлі жастар қатысты. Әлемдік байқауларда домбыра арқылы ортекені ойнақтатып, Халықаралық жарыстарда бәйгелі орындарды қанжығасына байлаған, домбыраға деген шетелдіктердің қызығушылықтарын арттырып, артында шәкірт тәрбиелеген Жолаушы ағамен болған бұл кездесу – әрбір қатысушыға рухани азық, ұлттық рух берді. Күмбірлеп күй төгіліп, әуелеп ән шырқалды. Сансыз сұраққа тұщымды жауап алдық" - дейді кездесу кешін ұйымдасытушы, Орталық кітапхананың басшысы Гүлбаршын Тілегенқызы.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

Жолаушы Тұрдығұлов суретші, ұлттық саз аспаптарын жасау шебері. ҚР мәдениет қайраткері. ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

1950 жылы 15 шілдеде Марқакөл ауданында дүниеге келген.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

1974-1977 жылдары Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін театрдың қоюшы-суретшісі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

1992 жылы Абай атындағы ҚазМПУ-дің көркемсурет-графика факультетін бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалімі мамандығы бойынша тамамдады.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

1977-1985 жылдар аралығында Марқакөл ауданының мәдениет бөлімінде халық театрының қоюшы-суретшісі болды. 

1985-1992 жылдары Алматы қаласы «Казреставрация» бірлестігінің қалпына келтіруші-суретшісі. 

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-де көркемсурет-графика факультетінің қолөнер кафедрасында еңбек етуде.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

Осы уақытқа дейін 2000-ға тарта домбыра, 100-ге жуық қылқобыз және 20 жетіген, тағы баска ұлттық саз аспаптарын жасады. 

1989 жылы КСРО Мәдениет министрлігі мен Мәдениет қызметкерлері кәсіподағы орталық комитетінің Грамотасымен марапататталған. 

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

1996 жылы «Үкілі домбыра» үшінші республикалық сайысында бас жүлдені иеленіп, «Алтын домбыра» арнайы сыйлығының жеңімпазы атанды.

1998 жылы Австрияның Мольн қаласында өткен варгандық музыканың III халықаралық конгресінің лауреаты.

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

2006 жылы қылқобыз жасаушылардың үздік шеберін анықтауға арналған «Дана қобыз» республикалық байқау-бәйгесінің бас жүлдегері және «Алтын қобыз» арнайы сыйлығының тұңғыш иегері. 

Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті

2009 жылы Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен «Әлем жауһарлары» атты халықаралық ғылыми-шығармашылық фестивалінің лауреаты.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы