Жол жүру ережелерін бұзған кез келген жүргізушіге ескерту жасалмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
"Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша ескерту беріледі" деген пікірді көлік жүргізушілері жиі айтып келеді. Бұл қаншалықты рас, деген журналист сауалына ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді.
Жол ережесін бұзудың барлық дерегі бойынша ескерту жасала бермейтінін атап өту керек. Яғни барлығы өзінің деңгейіне қарай қарастырылады. Мысалы ауыр құқық бұзушылықтар болып жатса, қамауға алуға дейінгі шара қолданылады. Ал әкімшілік кодекстің 620 бабы бойынша, күндізгі кезде автокөліктердің жарықтардың жақпай жүргенде ескерту жазатын кездер болады. Өткен жылы осындай 597 мың көлік жүргізушілері ескертумен шектелген, - деп атап өтті ол.