Жол жабық: БҚО тұрғындарына ескерту жасалды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі жол қозғалысының шектелуіне байланысты шұғыл ақпарат таратты.</h4>

 11 Ақпан 2021 2021, 21:46
11 Ақпан 2021 2021, 21:46
1980

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі жол қозғалысының шектелуіне байланысты шұғыл ақпарат таратты.

Ведомсто хабарлағандай, 11 ақпан сағат 20:40-та Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (жауын-шашын, көктайғақ) келесі тасжолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды:

1. «Атырау-Орал» 375-492-шақырымы, Чапаев ауылы-Орал қаласы учаскесі.

2. «Орал-Тасқала» 4-104-шақырымы, Орал қаласы-Ресей аумағы учаскесі.


Наверх