Цифрландыру жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр. Қазір Қазақстанда жолдағы қауіпсіздікті сақтауға қатысты түрлі технологиялар мен цифрлық құралдар жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солардың бірі – “Қорғау” жүйесі. Бағдарлама көшедегі бейнебақылау камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне қауіпті жүргізуші туралы сигнал береді. Мысалы, бұл жалған мемлекеттік нөмір тағылған көліктер, сақтандырусыз жүргендер, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын және айыппұлдарды төлемейтін жүргізушілер болуы мүмкін.
Бұл ретте, себепсіз тоқтау алынып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаның бұлтартпау қағидаты қамтамасыз етіледі, бұл жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне жағымды әсер етеді.
Жыл басынан бері жүйенің көмегімен 60 мыңнан астам көлік құралы тексерілді, айыппұл бойынша 49 мыңнан астам борышкер хабардар етілді, 7 мыңнан астам әкімшілік хаттама жасалды және бағдарлар бойынша мыңға жуық автокөлік анықталды.
Мысалы, сақтандыру полисінің болмағаны үшін – 3 мыңнан астам, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқару – 581, жалған мемлекеттік нөмірлермен көлік басқару – 32, техникалық байқаусыз көлікті басқару – 2,9 мың, 305 – жүргізуші құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы.
Атап айтқанда, Шымкентте “Қорғау” жүйесінің көмегімен Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі анықталды. Оның жалпы сомасы 90 мың теңгеге төленбеген 10 айыппұлы болды. Бұл туралы жүргізушіге хабарланды.
Осыған ұқсас жағдай Toyota Carina-E автокөлігінің жүргізушісіне қатысты болды. Ер адам төленбеген 10 әкімшілік айыппұлмен жүрген. Жалпы сомасы 100 мың теңгені құрады.
Айта кетейік, былтыр “Qazaqstan Project Management Awards – 2023” ұлттық байқауының қорытындысы бойынша “Қорғау” жүйесі жылдың ең үздік жобаларының бірі болып танылды.