Республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Түп» күре жолының 53-68 шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Райымбек пен Кеген ауданының халқы Алматы мен Нарынқол күрежолын жауып, наразылыққа шыққан болатын. Оның себебі, Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сонымен қатар осы екі ауданның барлық жолының тозуына себеп болған еді.
ҚазАвтоЖол Кеген тұрғындарының талабының орындалып, жол жөндеу жұмыстарының сәтті жүргізілгенін хабарлады.
Республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Түп» күре жолының 53-68 шақырымдары аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 40-қа жуық арнайы техника мен 60 адам жұмылдырылды. Жалпы биыл Алматы өңірі бойынша 20 жол жобасы жұмысқа алынды, - деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
Сондай-ақ міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін бірінші мердігер ұйыммен келісімшарт бұзылды.