Қазақстан ТМД елдерінің ішінен алғашқы рет дүниежүзілік жол саласының ұйымымен ынтымақтастық орнатты. Бұл туралы PIARC Ұлттық комитетінің төрағасы Берік Қамалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміз арқылы өтетін жүк тасымалы артып келеді. 2025 жылға дейін бізде 3 млн тонна жуық Қытайдан Еуропаға жүк тасымалданады деп күтілуде. Біз автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Қазақстан ТМД елдерінің ішінен алғашқы рет PIARC ( автомобиль көлігі және жол инфрақұрылымы саласында жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес бірлестік) ұйымына кіріп отыр. Сондықтан елімізге сенім көп, - деді Берік Қамалиев.
Сондай-ақ Қамалиев халықаралық ұйымның мақсатын атады.
Біздің комитеттің алға қойған мақсаты - әлемдегі жақсы тәжірибелер мен жаңа технологияларды Қазақстанға әкелу. Біздің сарапшылар мен мамандарды шетелге дайындап, тәжірибе жинауымыз керек. Сонымен бірге жол сапасы, оның қауіпсіздігі мен шалғай аймақтағы мәселелерге назар аударамыз, - деді PIARC Ұлттық комитетінің төрағасы.