Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз "Жұмыспен қамту жол картасын" жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қаржы бөлдік, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасында жазылды.
Біз "Жұмыспен қамту жол картасын" қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қаржы бөлдік. Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған, - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылғанын айтты.
Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда. Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек, - деді ол.