Астана, BAQ.KZ. Жүргізушілер арасында көкіл қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол-қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.
Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылық белгілі болды. Оның ішінде: 34 жүргізуші мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 233 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың – 11 фактісі белгілі болды. Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 22 жүргізуші әкімшілік тәптіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 371 әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.