Жол битумы сапасының отандық стандарты дайындалды – ИИДМ

12 Шілде 2022, 16:17
1224
Бөлісу:
Жол битумы сапасының отандық стандарты дайындалды –  ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы саясатты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган ретінде  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдардың сапасы мен ондағы жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуді арттыру мақсатында бірқатар кешенді шараларды қолға алуда.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында маңызды элементтің бірі – жол битумы. Оның сапасы мен қоспа материалдарының құрамы үлкен рөл атқарады. 

Бұдан бұрын битум отандық мұнай өңдеу зауыттарында Кеңес Одағы кезіндегі мемлекеттік стандартқа сәйкес өндірілетін. Ал бүгінде битум қазақстандық талап бойынша шығарылады. Бұл стандарт – әлемдік үздік тәжірибелерді негізге ала отырып дайындалған. Ол жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын битумның сапасына жаңа талаптарды енгізіп, оның құрамын жетілдіреді. Өз кезегінде тың тәсілмен өндірілетін битум жол жабындысының беріктік қасиетін ұзақ уақытқа сақтайды.

Осыған орай отандық зауыттар құрал-жабдықтарын жаңартып, битум өндірісін заманауи стандарттарға жауап беретіндей жаңғыртуы тиіс. 

Өзгелердің жаңалығы