Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын бағдарлар тоқтатылды

1 Қаңтар 2020, 15:55
5610
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын бағдарлар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бұрқасынға байланысты бірнеше қала маңы бағдарлары мен күре жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Telegram Smart Astana bot хабарлады.

Бүгін күшті бұрқасынға байланысты бірқатар қала маңы маршруттарындағы қозғалыс тоқтатылды. Талапкер кентінің жолаушылары! 326 бағыттың жүргізушілері жолды қар басып қалғандықтан соңғы аялдамаға дейін жете алмайды. Сондықтан қоғамдық көлікті пайдалану үшін өзге аялдамаға бару керек, -делінген хабарламада. 

14:00- де мына маршруттарда: 300, 305, 308, 309, 312, 315, 317, 317 қозғалыс тоқтатылды. 

№№307, 315 бағдарларында да (Қоянды мен Жалтыркөл) бүгін ауа райына байланысты қозғалыс шектелді. 

Жібек жолындағы 322 маршруты соңғы аялдамаға дейін бармайды (4-шағынаудан). 

Софиевка, Қабанбай батыр, Қызылжар, Қошкарбаев, Ақмол, Малотимофеевка, Шұбар тәрізді бағыттарда қала маңы пунктеріндгі маршруттар тоқтатылды.

Қарағанды, Қорғалжын, Молотимофеевск, Павлодар бағыттарындағы күре жолдар жабық.

Өзгелердің жаңалығы