Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген троллейбус жүргізушісінің апат алдында қан қысымы көтеріліп, ес-түссіз жағдайда болған. Бұл туралы Алматыэлектротранс мекемесі facebook-гі парақшасында жазды.
Кеше, 5 қаңтар күні сағат 23:20 шамасында троллейбус Сәтбаев көшесімен шығыс бағытқа қарай авто паркке кетіп бара жатқан. Розыбакиев көшесіне жетпей жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып қалған. Бұл кезде троллейбус кенеттен оңға бұрылып жол жиегінде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне соғылған және тоқамастан тротураға шығып жаяу жүргіншіні қағып барып талға соғылған. Оқиа орнына полиция, жедел жәрдем және тасымалдау компаниясының қызметкерлері келді. Медицина қызметкерлері жаяу жүргіншіге алғашқы көмек көрсетті, алайда ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Мерт болған адамның отбасына өтемақы төленеді. Компания атынан марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтамыз, - делінген Алматы электротранс хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін хабарлағанбыз.