Институционалдық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасында кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру шеңберінде Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қол қою рәсіміне Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Кеңес мүшелері және Агенттік өкілдері қатысты.
Меморандум тәуелсіз, құзыретті және жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыру мақсатында судьялар лауазымына үміткер азаматтарды іріктеу кезінде ашықтық пен заңдылықты күшейтуге бағытталған.
Бұл жоғары сот кеңесіне судьялыққа үміткер кандидаттардың өтінімдерін тиімді және бейтарап қарауды қамтамасыз етуге және одан әрі құқықтық және этикалық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Тараптар бұл құжат неғұрлым жетілдірілген және ашық сот жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді, бұл өз кезегінде азаматтардың сот төрелігі институттарына деген сенімін арттыруға ықпал ететін болады.