Жоғарғы Соттың төрағасы сайланды

8 Желтоқсан 2022, 10:34
7515
Бөлісу:
Жоғарғы Соттың төрағасы сайланды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Асламбек Мерғалиев 1972 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. 

1999 жылы Ыстанбұл мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. 

Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді. Кәсіби еңбек жолын Павлодар облыстық сотының бас маманы қызметінен бастаған. 2003 жылдан 2007 жылға дейін  Павлодар қалалық сотының судьясы болып, 2007-2008 жылдар аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметін атқарған. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы; 2012 -2014 жылдарда Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы болған. 2014 жылдың 17 маусымынан Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған. 2015 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарған.  

Еске сала кетейік, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов қызметінен босатылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы