Бұл туралы Сенаттың бүгінгі отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов қызметінен босатылды.
Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен республикаеың Жоғарғы сотының төрағасын сайлау, қызметінен босату және оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады. Осы мәселелер бойынша Президентіміздің тиісті ұсынулары палатаға келіп түсті. Осы екі мәселені бірге қарау ұсынылады, - деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Жоғарғы соттың төрағасы 5 жыл ішінде келелі істерді жасағанын атап өтті.
Сенаттың құзыреті бойынша сіздер Жоғарғы соттың төрағасын сайлау және қызметінен босату мәселесін қарай аласыздар. Осы құқықтарыңызды пайдаланып, 5 жыл бұрын Жақып Асановты Жоғарғы соттың төрағасы қызметіне тағайындауға келісімдеріңізді берген едіңіздер. Жақып Асанов осы желтоқсан айынан өкілеттілігі аяқталуына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жоғарғы соттың төрағасы туралы ұсынымды әкеліп отырмыз. Жақып Қажыманұлы сот жүйесін 5 жыл бойы абыроймен басқарды. Еліміздің, құқықтық қоғамымыздың, заң үстемдігінің дамуына жоғары үлес қосты, - деді Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу.