Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Әсел ӘБІЛБЕК
26 Маусым 2025, 10:37
721
Бөлісу:
 Сенат баспасөз қызметі
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Сенат отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55 бабының 1-тармақшасына ҚР Парламенті және олардың депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 22-бабына, ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының 34-бабы, 1-тармағының 1 және 8-тармақшаларына сәйкес комитет парламент сенатында Досжан Сарманқұлұлы Әмірді орнынан түсуіне байланысты және Герман Кәрімұлы Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатуды сұрайды,- деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Сенаторлар бірауыздан дауыс беріп, қолдады.

Өзгелердің жаңалығы