2023 жылдың жазында жер комиссиясы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының әкімдігі шаруа қожалығы өткізген конкурстың жеңімпазын анықтап, онымен 247 га жер телімін 10 жылға жалға беру шарты жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Конкурстың тағы бір қатысушысы конкурс жеңімпазына ұпайлардың дұрыс берілмегенін, бұл оның құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына әкеліп соқтырған комиссияның бизнес-жоспарларын зерделеуден өтпегенін атап өтіп, оның нәтижелерін сотқа даулаған.
МАӘС-ы конкурсты өткізу кезінде жер заңнамасын бұзу фактілері орын алмағанын негізге алып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Апелляция заңсыз деп танып, комиссияның шешімі мен әкімнің шаруа қожалығына ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды, - делінген хабарламада.
Облыстық сот әкімге Қызылқайың ауылдық округінде жалға беру құқығы бойынша конкурстың қорытындысын қайта қарауды міндеттеді.
Аудан әкімі бұл шешімге кассациялық тәртіпте шағым түсірген.
Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы істі қарай келе, мынаны атап өтті.
Комиссия отырысының бейнежазбасынан комиссия мүшелерінің негізгі немесе қосымша ұпайларды беру бойынша дауыс бермегені байқалады.
Оларды комиссия төрағасы дауыс берусіз есепке алмай конкурсқа қатысушыларға өзі бөлген.
Жер кодексіне және Шаруа қожалығын жүргізуге жалға беру құқығын беруге конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес белгілі бір ауданда, қалада, ауылда, елді мекенде 5 жылдан кем емес тұратындарға қосымша 10 балл беріледі.
Конкурс кезінде жеңімпаз және оның отбасы Қарағандыда тіркелгенін ескеріп, оған негізсіз қосымша 10 ұпай беріліп, ол жеңімпаз деп танылған.
Осыған байланысты Жоғарғы сот аталған іс бойынша облыстық соттың қаулысын күшінде қалдырды, ал аудан әкімінің шағымы қанағаттандырылған жоқ.