Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті

30 Мамыр 2024, 10:59
698
Бөлісу:
Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті
Фото: Qazaqstan телеарнасы

Сенат Жоғарғы сот судьясын лауазымынан босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенат депутаттары Талғат Ибрашевті ҚР Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босату туралы қаулы қабылдады. 

Талғат Ибрашев 1969 жылы Қостанай облысында туған. 1995 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген. 

1993-1997 жылдары – Торғай облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, бөлім бастығы, Торғай облыстық сотының консультанты;

1997-2004 жылдары — Арқалық қалалық сотының судьясы, Қостанай облыстық сотының судьясы;

2024-2016 — Қостанай аудандық сотының төрағасы, Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Рудный қалалық сотының төрағасы;

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін-Жоғарғы Соттың судьясы.

Президент Жарлығымен биыл 19 сәуірде Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы