Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды заңсыз ұстауға қатысты сот практикасы қорытындыланды

8 Қазан 2024, 19:23
416
Бөлісу:
Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды заңсыз ұстауға қатысты сот практикасы қорытындыланды
Фото: BAQ.KZ архив

Жоғарғы Сот 2019-2023 жылдарға және 2024 жылдың 1 жартыжылдығына сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу туралы қылмыстық істер бойынша сот практикасына талдау жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.

Конституция адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды. 

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау тәсілдерінің бірі - жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтауға қол сұғатын субъектілерге қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша 796 адамға қатысты барлығы 608 қылмыстық іс қаралды (үкім шығарумен). Сотталғандардың 22,5 пайызы бас бостандығынан айырылды. Ал 18 іс оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша (ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігі), 1 іс оңалту белгілері бойынша тоқтатылды. Сондай-ақ 3 ақтау үкім шығарылды. Апелляцияда 228 адамға қатысты үкімге шағым түсіріліп, 10-ына қатысты үкімнің күші жойылды, 47-сіне қатысты үкім өзгертілді. Кассацияда 30 адамға қатысты іс қаралып, 4-уінің үкімі жойылды, 17-сінің үкімі өзгертілді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Жалпы, қорыту жасалған санаттағы сот практикасы тұрақтылықпен сипатталады, ал соттар, жалпы алғанда, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданады.

Қорытуларда қылмыстың ауырлығына қарай жазаны даралау мақсатында іс-әрекеттерді саралау мәселелерін көрсетеді (жануарларды атуға немесе ұстауға қатысқан адамдарға неғұрлым қатаң жаза, дериваттар заттарды иеленуге кінәлілерге жеңілірек жаза).

Жануарларды табиғи ортадан тікелей шығарған адамдардан залалды дұрыс өндіріп алу үшін қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу мәселелері де көтеріледі.

Қылмыс жасаған адамдардың әрекеттерін ҚК-нің 339-бабында көзделгендей, ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығынсыз қайта саралау ұсынылды.

Сотталған адамды қандай қызметпен айналысу құқығынан айыратын түрін көрсетпей, қосымша жаза тағайындауға болатын жағдайларға мысалдар келтірілген. 

Қорытулар заңнаманы жетілдіру қажеттілігіне назар аударады.

Өзгелердің жаңалығы