Жоғарғы сот қызметкері митинг өткізушілер туралы айтты

8 Сәуір 2022, 21:30
2766
Бөлісу:
Жоғарғы сот қызметкері митинг өткізушілер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов өзінің Facebook-тегі парақшасында Жоғары сот алдына наразылығын білдіруге шығып жүрген тұлғалар туралы түсініктеме берді.

Жоғарғы Сот ғимаратында митинг өткізетіндер туралы айтатын болсақ, олар топтарға жиналып, қолдарына плакаттар алып "елде өздері сияқтылар көп" екенін айтып, сот шешімдеріне наразылығын білдіруде. Көбінесе олар судьяларға наразы. Соттардың кейбір істерді қарау тарихына тоқтала кету қажет деп санаймын, - деп жазды ол.

Мадина Кукетаева соттарға 2 азаматтық іс бойынша жүгінген. Сот 6 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Ол өзінің ісінің дұрыс екеніне және соттар мен мемлекеттік мекемелердің «таза еместігіне» сенімді, алайда ол өз мүдделері заң нормаларына қайшы келмеу керектігін қаперге алмағандай. Бірінші іс бойынш мәселе мынада, Кукетаева және оның басқа көршілері көрші жер учаскесінің иесін сотқа беріп, олардың пікірінше,  рұқсатсыз құрылысты бұзуды талап етті. Бірақ талап етуші  мен жауапкерді көршілер деуге келмейді – учаскелердің ортақ шекаралары жоқ, оларды автомобиль жолы бөліп тұр, - деп жазды Елдос Жұмақсанов.

Ол әкімдіктің қарауында. Бұл туралы сот актілерінде нақты жазылған.

Кукетаева сотта жеңіліп қалған, өйткені үй шекараларын бұрынғы иелері заңды түрде анықтап қойған. Яғни, меншік иелері учаскелерге құқықтарды бұрынғы иелерімен бірдей көлемде сатып алды. Сонымен қатар, жауапкер істі сотта қарағанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстары үшін барлық рұқсат құжаттарын алды. Осыған байланысты "жоғары лауазымды адамдардың рейдерлігі" туралы сұрақтың қаншалықты қажеттігі туындайды.  Мұнда жауапкер Кукетаеваның құқығын қалай бұзды деген сұрақ та туады, - деді ол.

 ️Екінші істе Кукетаева мұрагерлік дау бойынша сотқа жүгінді. Жауапкер- әкесінің екінші некедегі әйелі. Ол жергілікті соттардан жеңіліс тапты.

2021 жылы оны Жоғарғы Сот төрағасы қабылдады және оның өтініші бойынша ЖС кассациялық алқасына ұсыныс енгізді.  Ұсыныс қанағаттандырылды, сот актілері алынып тасталды және жаңа сот қарауына жіберілді. 2020-2021 жылдары  Кукетаевны төрт рет Жоғарғы Соттың кеңесшілері мен төрағасы қабылданды. Оның барлық істерін объективті қарауға және заңмен белгіленген барлық инстанциялардан өтуге қарамастан, ол санкцияланбаған наразылық акцияларын ұйымдастырады, бұзақылық әрекеттер жасайды, - деді  Жоғары сот аппараты басшысы.

Айта кету керек, 2022 жылдың басында (Ковидтік шектеулер кезінде) Кукетаева бақылау-өткізу бекетіндегі шыны есікті сындырып, ішке кіріп, одан әрі заңсыз әрекеттер жасаған.  Бұл үшін оны полиция қызметкерлері ұстап, ҚР ҚК 434-бабының 1-бөлігі бойынша 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынды 

Ильшат Кензин ісі бойынша Кензин азаматтық және қылмыстық істер бойынша сотқа Дудиловскийге қарсы жүгінді. Олар өзара байланысты. Кензин 11 жылдан астам уақыт бойы сот шешімдеріне наразылығын білдіріп келеді. ️ Оның тарихы келесідей. 2007 жылы оның бизнес-серіктесі М.Дудиловский Қытайдан тауар сатып алу үшін оған 5 млн теңге қарыз береді. Барлығы нотариуста рәсімделген. Бірақ Кензин қарызды өтемеді. Үш жыл бойы Дудиловский ақшасын қайтарып алуға тырысты. Ол борышкердің кенеттен өз үйін қызына рәсімдейтінін байқап, Кензин қарызды қайтармайтынын түсінді. Содан кейін ол сотқа жүгінді, - деді ол.

Сот Кензиннен қарызды өндіріп алды (нотариалды несие шарты бар, өз қолымен жазылған қолхаттар), сыйлық шартын 2010 жылы жарамсыз деп таныды-және сол кезден бастап Кензин сотқа Дудиловскийді алаяқ деп атай отырып, өзінің жәбірленуші екенін айтып келеді.

Ал сот Дудиловскийді ақтап шықты, ол қазір мемлекеттен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартудан келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы. 2020-2021 жылдары Жоғарғы Сот Төрағасының жеке қабылдауында болды. Үш рет кеңесшілер қабылдады. Әр қабылдау бойынша істер талап етіліп, зерттелді. Оларға дәлелді жауаптар берілді, - деді Елдос Жұмақсанов.

Нұрлан Жәкеев ісі бойынша Жәкеев Корсунды алаяқтық жасады деп айыптады. Ал сот Д.Корсунды кінәсіз деп таныды.

Бұл оқиға 10 жылдан астам уақытқа созылды. Корсун 2011 жылы проблемалық борышкерлердің сайтында "Даму "қорындағы несие бойынша кепілдік мүлік бойынша - кірпіш зауыты  жабдықтарын сату туралы хабарландыруды көреді. ЖШС несиені төлемеген, сондықтан қор оның мүлкін сатуға қойған. Қорда ЖШС иесі – Жәкеевтің телефонын алған Корсун онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін оған адамдар келіп, Жәкеевтің өкілдері ретінде  жабдықтың екі түрін көрсетіп, оларды Корсун әрқайсысы 200 мың теңгеден сатып алуға келісті. Сатушылар Корсунға "Даму" Қорының қолы қойылған тасымалдау шартын берді. Корсун оларға 150 000 теңге алдын ала төлем жасады, - делінген жазбада.

Жабдықты тиеуді бастаған кезде аудан әкімі келіп, барлығын түсіруді өтінді. Жабдық орнында қалды, Жәкеевке залал келген жоқ. Сот Корсунды ақтап шықты, оның әрекеттерінде ешқандай қылмыс болған жоқ. Азаматтық талап қараусыз қалдырылған. Іс барлық сот инстанцияларынан өтті. Оған заңды нүкте қойылды.

Жәкеев 8 рет Жоғарғы сотқа жүгінген. Оны Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшілері қабылдады. Оның барлық өтініштері істің материалдарын зерттей отырып мұқият қаралды. Олар бойынша 2019 жылғы 20 желтоқсан, 9 сәуір, 27 шілде, 19 және 30 қазан, сондай-ақ 2020 жылғы 16 қараша, 2021 жылғы 3 және 29 маусымда ұсыныс енгізу үшін негіздердің жоқтығы туралы дәлелді жауаптар берілді. Жәкеевке сот актілері енді ҚІЖК-нің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Бас Прокурордың талабы  бойынша ғана кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін екендігі түсіндірілді, - делінген жазбада.

Сондай-ақ ол Оспанова 13 жылдан бері өзінікі дұрыс екенін айтып, сот пен мемлекеттік органдарға тыным бермей келгені туралы жазды.

Алайда оның құқығы заңды ма? Бір қарағанда, оның ісі қарапайыс секілді.  Оспанова мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып, 3 бөлмелі пәтердің иесі болған еді. Үйін сатуға қоймақшы болған ол хабарландырулар арасынан Усовтардың жазбасына көзі шалады. Бірақ ол банкке кепілдікке қойылған. 2008 жылдың шілдесінде Оспанова Усовтарға қос тарап арасында үй алмастыру жөнінде ұсыныс жасайды. Бірақ заңға байланысты шектеулер болғандықтан, екі жақты келісімшарт жасалмады. Кейін олар нотариусқа жүгініп, заңға қайшы болмайды деген оймен ақыры келісімге келеді. Десе де оқиға мұнымен аяқтала қоймайды, – деп жазды ол. 

2009 жылдың мамыр айында Оспанова кепілдікте тұрған Усоватардың үйін өз мүлкі ретінде інісіне сатады. Ал үйдің жаңа иесі оны тегі Сауқымбекова деп аталатын азаматшаға сатып жібереді. 

Үй Усовтардың атында болғанмен, иесі – Оспанова. Бірақ Оспанова үйді өз туысына сатып, жаңа иесі үшінші тарапқа өткізіп жібереді. Классикалық схема сияқты көрінеді. Сот бұл әрекеттерді заңсыз деп танып, үйді Усовтарға қайтарады. Сонымен қатар, соттағылар келісімшарттың күші жойылғандығын айтады. Ақыр аяғында Оспанова өз үйін қайтарып, інісіне береді. Ал Усовтар пәтерді пәтерге алмастырды, – деп жазды Жоғары сот аппараты басшысының орынбасары. 

Елдос Жұмақсанов бұл іс барлық сот инстанцияларынан өткенін, Жоғарғы сотта қайта-қайта қаралғанын айтады. Осы жерде  Гүлмира Оспанованың бұл әрекеті қаншалықты дұрыс сұрақ туындайды? 

2019-2022 жылдары Оспанова Жоғарғы Сот төрағасының қабылдауында болды. Азаматтық істер жөніндегі коллегия төрағасы мен кеңесішелімен де сөйлесті. Барлық арыз бойынша жауап берілді. Барлық сот процесі осымен аяқталды. Енді қайта қарауға жіберілмейді. Бұл соттың соңғы сөзі, – деп жазды Елдос Жұмақсанов. 

Өзгелердің жаңалығы