Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда

4 Тамыз 2025, 20:12
1296
Бөлісу:
PHOTO

Жоғалған тікұшақ экипажын іздеу күрделі гидрографиялық жағдайларда жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 тәуліктен бері жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 330-дан астам адамы, 59 бірлік автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық есептоптар тартылған.

Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысуда.

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып, құрамына Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі департаментінің жоғары білікті мамандары кірді. Комиссияның бір бөлігі іздестіруге жұмылдырылған, тағы бір бөлігі авиациялық инцидентті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда

Көл түбінің терең шөгуі, су астындағы нөлдік көріну және ауа-райының құбылмалылығы сияқты қиын жағдайларға қарамастан, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда

Өтуі қиын аудандарға әуеден шолулар жасалып, жағалау белдеуі мен көл акваториясы тексерілуде. Су асты және жер үсті іздеулеріне арнайы жабдықтарды пайдаланатын ғылыми және техникалық ұйымдар тартылған. Сонымен бірге, техникалық тергеу жалғасуда. Комиссия әуе кемесін дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттаманы, құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдарын, тікұшақ бағытындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды және басқа да факторларды зерделеп жатыр, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда

Іздеу жұмыстары жоғалған тікұшақтың экипаж мүшелерінің тағдыры анықталып, қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталғанға дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін ЕС-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы жаздық.

26 шілде күні Алматыда жоғалған тікұшақтың бөлшектері табылды. Оны іздеу жұмыстарына операцияға 400-ге жуық адам, кейін тағы бес әскери бөлім жұмылдырылғаны да белгілі болды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты

Жоғалған тікұшақ: 11 күнге созылған іздеу операциясы тоқтаусыз жалғасуда
Өзгелердің жаңалығы