Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жоғалған Атырау тұрғынының мәйіті Жайық өзенінен табылды

Бөлісу:
 БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысында екі апта бойы іздеуде болған 1966 жылы туған ер адамның мәйіті Жайық өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция, әскерилер мен еріктілер тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Атырау облысында 1966 жылы туған, хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Ол 9 қаңтар күні Қоқарна ауылындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. 

Жоғалған Атырау тұрғынының мәйіті Жайық өзенінен табылды

Іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полиция қызметкерлері, №5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және еріктілер қатысты. Барлығы 25-тен астам адам жұмылдырылып, 9 техника бірлігі, жүзу құралы, 2 кинологиялық топ, суасты дроны және ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Судағы жағдайдың күрделілігі – ағыстың қаттылығы, көрінудің төмендігі және гидрологиялық ерекшеліктер – іздеу жұмыстарын қиындатты.

28 қаңтар күні ер адамның мәйіті Жайық өзенінен шамамен 2 метр тереңдікте, бұған дейін оның жеке заттары табылған жерден 100 метр қашықтықта анықталды. Мәйіт өлім себептерін анықтау үшін полицияға тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы