Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот азаматтардың саладағы түйткіл мәселелері бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап береді, деп хабарлады Елорда Инфо.
Сұрақтарды 2-20 желтоқсан аралығында pressa.sud@mail.ru электронды жәшігіне жіберуге болады. «Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар келіп түскен сұрақтарды модерациялау құқығын өзінде қалдырады. Мәселен, өңдеуге соттардың және жалпы сот жүйесінің жұмысы туралы сұрақтар ғана қабылданады. Сұрақтар одан әрі сот ісін жүргізу нысаны және әкімшілендіру мәселелері бойынша жүйеленетін болады», – делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жауаптар 2020 жылдың қаңтарда Жоғарғы соттың интернет-ресурсы мен аккаунтында жарияланады.