«Қымыз қайда?». Жириновский экономикалық форумда оған қымыз беруді талап етті

5 Маусым 2021, 15:36
5773
Бөлісу:
«Қымыз қайда?». Жириновский экономикалық форумда оған қымыз беруді талап етті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында қызықты жағдай болды, деп хабарлайды ufacitynews.ru.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, саясаткер тағы да бәрін таңғалдырған. Бұл жолы ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Башқұртстан өкілдерінен қымыз сұраған.

Ол форумда Башқұрстан көрмесіндегі «Башспирт» зауытының өнімдері - арақ пен тұнбалар саясаткерді қызықтырмаған, ол қымыз сұраған.

Қымыз қайда? Қымыз қайда, жігітім. Келесі жолы қымыз болсын, - деді Жириновский.

Ufacitynews ақпараты бойынша, Башспирт-те қымыз шығарылмайды екен. Бірақ компания өкілдері Жириновскийге  өз өнімдерінен бірнеше шөлмек сыйға тартқан екен.



Өзгелердің жаңалығы