Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЖІӨ өсімі: көлік, құрылыс және сауда салалары көш бастады

12 Тамыз 2025, 08:20
526
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ Экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызмет көрсету – 5,2%-ға өсті. Ең қарқынды өсім көлік пен сауда салаларында тіркелді. Өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға ұлғайды.

Салалар бойынша ең жоғары өсім:

  • Көлік және қойма – +22,5% (жүк тасымалының артуы есебінен)
  • Құрылыс – +18,5% (мектептер, жолдар және инфрақұрылым нысандары құрылысы)
  • Сауда – +8,6%
  • Тау-кен өнеркәсібі – +8,5%
  • Өңдеу өнеркәсібі – +6,1% (машина жасау, азық-түлік және мұнай өнімдері өндірісі)
  • Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,7%-ға өсті, оның ішінде мал шаруашылығы +3,4%.

Үкімет экономиканы әртараптандыру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру арқылы өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы