«Жиһаз жасап беремін»: Шымкентте алаяқ тұрғынды 150 мың теңгеге алдап кеткен

11 Тамыз 2021, 21:34
6770
Бөлісу:
«Жиһаз жасап беремін»: Шымкентте алаяқ тұрғынды 150 мың теңгеге алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алаяқ тұрғынды 150 мың теңгесіз қалдырды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 19 шілдеде сағат 17:00 шамасында бейтаныс адам жиһаз жасап берем деп алаяқтық жолмен 150 мың теңгесін алдап алып кеткенін көрсеткен. 

Тұрғынның айтуынша, қазіргі таңға дейін ақшасын қайтармай, жиһазын да жасап бермеген. 

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы