Жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлық ұсталды

Бөлісу:
Жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлық ұсталды
Фото: архив

Полиция жиһаз цехында есірткі сақтаған қостанайлықты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты.

Айта кету керек, аталған мөлшер өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы