Жигули Дайрабаев: Шаруалардың мал баққаны үшін салық алып, мемлекетті байытпай-ақ қойсақ

10 Сәуір 2021, 11:49
5112
Бөлісу:
Жигули Дайрабаев: Шаруалардың мал баққаны үшін салық алып, мемлекетті байытпай-ақ қойсақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстан фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаев айтты.

Оның айтуынша, орман шаруашылығындағы жер болсын, ауыл шаруашылығындағы жер бослын, оның бәрі - халықтың жері.

Бұл жердегі мәселені дұрыс түсіну керек. Орман шаруашылығындағы 6,5 миллионды қайтару деген оңай емес. Негізгі мақсат - шаруаға, еңбек адамына жеңіл болуы керек. Бір жыл деген болмайды. 10 жылдың өзі қысқа мерзім болып есептеледі екен. Неге соны 20-25 жылға созбасқа? Сосын жергілікті атқарушы биліктер шешеді деп жазылған. Бұл жерде екі министрлік арасындағы қызығушылықты емес, еңбек адамына қалай жеңіл болады деген мәселені ойлау керек, - деді ол.

Жигули Дайрабаев жер беру мәселесі коммерцияға айналып кеткенін тағы бір еске салды.

Мысалы, шаруа қожалығы жерді алып, малын бағатын болса, ол жылына бір рет салығын төлейді. Енді неге ол әрбір бас сиыры мен қойға да салық төлеуі керек? Бағаларын қарасаң, әжептәуір. Соның бәрін бірыңғай тәртіпке келтірсек. Шаруа оңып жүрген жоқ, оған әрбір тиын қымбат. Бір бас қойға 169 теңге, ірі қараға (жылқы) 670 теңгеден алады екенбіз. Шаруалардың мал баққаны үшін салық алып, мемлекетті байытпай-ақ қойсақ деген ой бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы