Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама туралы өткен брифингте айтты.
Біз бүгін Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ, Африка ауыл әйелдерін қолдау бойынша қор құру туралы шешім қабылдадық. Болашақта оған Ауғанстан да қосылуы мүмкін. Қор Африкада орналасады. Себебі Мандела ханымның Африкадағы беделі жоғары. Ол қорды өзі басқарады. Бұл қорда барлық қоғамдық ұйымның күші біріктіріледі. Барлық елде жұмыс жүргізіліп жатыр. Соны жұмылдыру керек, - деді ол.
Нөгербеков отандық және шетелдік компанияларды қорды қорғауға шақырды.
«Бір белдеу - бір жол» екінші форумының қорытындысы бойынша 40 ел көшбасшылары декларация қабылдады. Онда Жібек жолының жаһандық сыйлығын құру бойынша бастама ұсынылды. Біз қазір Ндилека Манделамен аталған сыйлықты тағайындау бойынша халықаралық комитеттің құрамын бекітуді талқылап жатырмыз, - деді ол.