«Жібек жолы» өткізу бекеті тәулігіне 70 мың адамды қабылдай алады – Мәди Такиев

21 Қазан 2026, 12:02
АВТОР
 gov.kz 21 Қазан 2026, 12:02
21 Қазан 2026, 12:02
148
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары осы айда аяқталады. Жаңартылған бекет тәулігіне 70 мың адамға дейін өткізе алады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту екі ел арасындағы жолаушылар мен көлік ағынының артуына байланысты қажет.

Инфрақұрылымды дамыту керек. Біз бірнеше кедендік өткізу бекетін жаңғырттық. Мысалы, осы айда «Жібек жолы» бекетіндегі жұмысты аяқтаймыз. Ол біздің беткеұстар бекетіміз болады. Тәулігіне 70 мың адамға дейін өткізе алады. Сонымен қатар 200 автобус пен 2-3 мың жеңіл автокөлік өткізуге мүмкіндік болады, – деді Мәди Такиев.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағыны, әсіресе мереке күндері айтарлықтай артады. Қазіргі уақытта кейбір өткізу бекеттері арқылы тәулігіне 45 мың адамға дейін өтеді. Жаңғырту жұмыстары олардың өткізу мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Министр былтыр «Атамекен» өткізу бекеті жаңғыртылғанын да атап өтті. Оның мәліметінше, биылғы тоғыз айда Қазақстан шекарасынан шамамен 650 мың автокөлік өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның кеден өкілдері кәсіпкерлерге шекарадағы кедергілерді жедел шешуге көмектесетіні хабарланды. 

Сонымен қатар Қазақстан-Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар көлік кептелісі неге әлі шешілмей отырғаны айтылды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх