Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.