Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жұптық сында финалға шығып, жекелей жарыста жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жекелей сындағы ширек финалда Құламбаева өз серіктесі, ресейлік Екатерина Яшинамен кездесті. WTA рейтингінде 419-орында тұрған қазақстандық теннисші матчты сенімді өткізіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді ол финалға шығу үшін үндістандық Зеел Десаймен (№583 WTA) кездеседі.
Ал жұптық сында Құламбаева мен Яшина жартылай финалда үндістандық С. Садык пен М. Шавант жұбын жеңді. Бірінші сет тай-брейкке дейін созылып, екінші партияда қазақстандық-ресейлік дуэт толық басымдық танытты. Қорытынды есеп – 7:6 (4), 6:3.