Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің чемпионы атанды

8 Шілде 2024, 21:45
1687
Бөлісу:
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA 472) Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда қазақстандық спортшы швециялық Лиза Цаарды жеңді. Үш сетке созылған кездесу 2:6, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Жібек ITF турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы