Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЖИ қолданылатын скоринг жүйесі міндетті автоcақтандыруды қалай тиімдірек етеді

Бүгiн, 09:00
172
Бөлісу:
 «Freedom Insurance СК» АҚ
Фото: «Freedom Insurance СК» АҚ

«Бонус-малус» термині түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ол әрбір автокөлік иесіне тікелей қатысты. Қысқаша айтқанда: «бонус-малус» кластары жүргізушінің жолда қаншалықты ұқыпты екенін көрсетеді. Яғни, қаншалықты сақ жүрсең – КҚИ АҚЖС сақтандыру полисі соғұрлым арзан болады. Бұл жүйе жүргізушілерді жолда тәртіп сақтауға ынталандыру үшін енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (КҚИ АҚЖС) – барлық жүргізушілер үшін міндетті полис. Оның құны мемлекет бекіткен формула арқылы есептеледі: базалық тарифтер мен түрлі коэффициенттер қолданылады. Сондықтан әр жүргізушінің сақтандыру бағасы бір-бірінен едәуір ерекшеленуі мүмкін.

ЖИ қолданылатын скоринг жүйесі міндетті автоcақтандыруды қалай тиімдірек етеді

КҚИ АҚЖС бағасы мына формула бойынша есептеледі: базалық сақтандыру сыйақысы × АЕК (аймақ × көлік түрі × жүргізушінің жасы мен өтілі × көлікті пайдалану мерзімі × бонус-малус). Осы факторлардың жиынтығы полистің соңғы құнын анықтайды. «Бонус-малус» – жүргізушінің соңғы жылдардағы ЖКО саны, жолдағы тәртібі, ереже бұзушылықтары негізінде қалыптасатын жүйе. Ол міндетті сақтандыру полисінің бағасын өсіреді немесе төмендетеді. Жүргізуші үшін ең тиімді бонус-малус класы – 13, ол 50% жеңілдік береді. Ал «айыптық» кластар – М, М1 және М2 – керісінше, полистің бағасын қымбаттатады.

2025 жылдың сәуірінен бастап жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері де сақтандыру бағасын есептеу кезінде назарға алына бастады. Бұл тәсіл жүргізушілерді ұқыпты жүруге ынталандырып, сақтандырушыларға сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдерді жабуға жеткілікті сыйақы жинауға көмектесуі тиіс. Қазіргі таңда КҚИ АҚЖС өнімі 100% шығынға жұмыс істейді, яғни, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәліметінше, жиналатын сақтандыру сыйақылары төлемдерді толық жабуға жетпейді, оны төлеу үшін сақтандыру компаниялары шығынға ұшырайды. Бұған қоса, төлем мөлшері көбіне жол-көлік оқиғасында келген залалды толық өтеуге жеткіліксіз болып жатады.

ЖИ қолданылатын скоринг жүйесі міндетті автоcақтандыруды қалай тиімдірек етеді

Түзетулер енгізілгеннен кейінгі алты айдың ішінде сақтандырушылар бұл өзгерістердің жеткіліксіз екенін байқап, өнімді жетілдірудің жаңа тәсілдерін қарастыра бастады. Олар сақтандыру бағасын скоринг нәтижелеріне негізделген өзгермелі тарифтермен есептеуді ұсынады. Скоринг тәуекелді бағалау үшін жүргізушінің көптеген көрсеткіштерін талдап, сақтандыру құнын айқындайтын жүйе. Ол жасанды интеллект алгоритмдері арқылы жүзеге асады: ЖИ әр жүргізушіге қатысты тәуекелдерді жекелей әрі жылдам есептеп, ықтималдықтарды дәл анықтай алады. ЖИ-тің артықшылығы – үлкен деректерді тез өңдеп, адам байқамауы мүмкін заңдылықтарды табу мүмкіндігі. Сонымен бірге, ЖИ негізіндегі аналитикалық шешімдер сақтандырушыларға операциялық шығындарды азайтуға көмектеседі.

«Freedom Insurance СК» АҚ» басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, скоринг жүйесінде жасанды интеллектті қолдану клиенттерді тәуекел деңгейі бойынша дәлірек жіктеуге мүмкіндік береді. 

Өзгермелі тарифтерде сақтандырушылар актуарлық есептерге сәйкес келетін базалық минималды мөлшерді белгілеуді ұсынып отыр. Мұндай тәсіл тіпті жоғары тәуекелді жүргізушілерді де сақтандырумен қамтуға жол ашады. Ал залал келтірмейтін жүргізушілер сақтандыруға 50%-ға дейінгі жеңілдік ала алады, - деді Керімбаев. 

Сарапшының сөзіне сүйенсек, мұндай жүргізушілер жол ережесін сирек бұзады, демек, олар жолда да, сақтандырушылар үшін де қосымша тәуекел тудырмайды.

Маманның пікірінше, скорингке негізделген әдіс – ең әділ жүйе, өйткені тәртіпті жүргізуші басқа біреудің ұқыпсыздығы үшін төлемеуі тиіс. Бұдан бөлек, скоринг жолдағы басқа көрсеткіштерге де әсер етеді: апаттылықты төмендетуге, жолдағы кептелістерді азайтуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы