Наурыз мерекесі қарсаңында Qazcontent АҚ қызметкерлеріне “Жасанды интеллект: Журналистикадағы трансформация мен мүмкіндіктерх атты дәріс-семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара барысында ЖИ технологияларының медиа саласындағы рөлі, ақпаратты өңдеу мен контент жасаудағы тиімділігі талқыланды. Сондай-ақ, семинар аясында ЖИ көмегімен жасалған медиаөнімдер таныстырылып, Qazcontent АҚ-ныңЖИ бағытында атқарып жатқан жұмыстары баяндалды. Ерекше атап өтерлігі, іс-шараның барлық презентация, бағдарлама және шақыру афишалары толықтай ЖИ көмегімен жасалды.

Жасанды интеллект (ЖИ) – технологиялықдамудың негізгі драйверіне айналып, өмірдің барлық саласына әсер етуде. Ол адамның ойлау қабілетін алмастырмаса да, ақпаратты өңдеу, талдау және ұсыну арқылы тиімділікті арттырады. Qazcontent АҚ 2025 жылдан бастап жасанды интеллектті зерттеу, енгізу және пайдалану бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы мақсатта ЖИ Дамыту кеңесі құрылып, сол бағытта маңызды жұмыстар атқарылуда - деді іс- шараның модераторы Алтынбек Құмырзақұлы.
.jpg)
Qazcontent АҚ ЖИ Дамыту кеңесі квазимемлекеттік органдар, ғылыми орта және қоғам өкілдерін біріктіріп, жасанды интеллект технологияларын журналистика, медиа және цифрлық платформаларда тиімді қолдану, қазақтіліндегі деректер базасын құру және отандық ЖИ шешімдерін дамыту бағытында жұмыстар атқаруда.

Qazcontent АҚ отандық ЖИ шешімдерін кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.
Осы бағытта келесі жобаларға ерекше назар аударылуда: KazLLM, Soyle App, Тіл-Қазына LLM. Бұл ЖИ бағдарламалар қазақ тіліндегі сапалы деректер қорын қалыптастыруға және тілдік модельдерді жетілдіруге ықпал ететін бірегей жобалар.
