Digital Almaty 2025 халықаралық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Жасұлан Мәдиев журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Стартап аллеясы 80 халықаралық инновациялық жоба ұсынылған.
Өткен жылы біз жасанды интеллекті дамыту үшін 5 жылдық тұжырымдаманы Үкіметте қабылдадық. Осы тұжырымдама бойынша адами капиталды дамыту, инфрақұрылымды дайындау, институтық базасасын құру сынды бағыттар бар. Болашақта ЖИ-ді барлық салаларда қолданып, енгізуге болады. Медицина, банк қызыметін, техникалық саланы жасанды интеллект арқылы күшейтпекпіз,- деді Жасұлан Мәдиев.
Журналистер министірге "Жасанды интеллект кейбір жұмыс күшінің жойылып кетуіне әсер етпей ма?" деген сауал қойды.
Жасанды интеллект қанша жұмыскерлерге, қандай жұмыс көзіне әсер ететіндігі жөнінде аналитика жүргізіп жатырмыз. Дегенмен жаңа жұмыстар мен жаңа технологияларды пайдаланғанда жаңа жұмыс орындары пайда болады. Себебі ЖИ арқылы экономиканың тиімділігі артады,- деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі