Жасанды интеллектінің көмегімен таңғажайыптар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе қаласында орналасқан музейде қазақтың әйгілі батыр қызы Әлия Молдағұлованың майдан шебінен туыстарына хат жазып отырғанын көруге болады.
Музейде батырдың туғанына 100 жыл толуына орай реэкспозиция ұсынылған.
Оны әзірлеу кезінде түрлі мультимедиялық технологиялар қолданылды. Мысалы, бала арнайы VR-көзәйнектің көмегімен кішкентай Әлияның балалық шағына оралуға болады, - дейді Ә. Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің әкімшілігі.
Музейге кіреберісте келушілерді бес тілде сөйлейтін виртуалды гид күтіп алады. Бұл – музейдің жұмысына жуырда енгізілген цифрлық технологиялардың жаңашылдықтарының бірі.