Жезқазған қаласынан жолға жаяу шыққан жиһангез қария Сәрсенбай Қотырашев Түркия астанасы Анкараға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
3 мың шақырымды бағындырған отандасымыз саяхатын Ыстамбұлда тәмәмдайды.
Жиһанкез атамыздың өзгелерден ерекшелігі ол жарты дүниені арбамен аралап жүр. Керек жарағын салып алып осылай сүйреп келеді. Ал жаяуға бұл оңай емес. 73 жастағы ақсақал ауа райының ыстық суығына төзіп, тау мен тасты аралап мәреге жетуге асық,- дейді меншікті тілші Меруерт Қанағат.
Ол күніне 40 шақырым жаяу жүреді. Күнделікті жоспары осындай. Ауа райы құбылса бірер күн аялдап алады. Жиһанкез Түркия астанасына дейін шаршамай келген. Ендігі бағыты көне шаһар Ыстамбұл.
Келесі 9 мемлекетті аралап шығу. Мұндағы мақсатым, дүниежүзіні бейбітшілікке шақыру, екінші туризм саяхат кеш емес. Әрқашан да жасқа қарамайды. Үшінші мақсатым, денсаулығыңды күшейтемін десең кемінде 7 км жаяу жүру керек. Одан кейінгі мақсатым, Қазақстанның тарихын, қазақ халқы бар екенін, қазақ ұлты бар екенін, қазақ мемлекеті бар екенін қол дәуірінен біздің эрамызға дейін түсіндіріп айту, - дейді жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев.
Қария жол-жөнекей әр өңірдің салт-дәстүрімен, мәдениетімен етене танысқан. Оның шетелдегі тұңғыш сапары 3 мың шақырым. Жиһанкез жолда болған қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Бұл жақта перевал көп. Ал Түркиядағы 3160 метрге дейін барады екен. Сол жерде өтерде екі көзім қызарып, екі құлағым бітіп зуылдап, тамағын кеуіп қалжырап өтеді екенсің. Қалжырап, қажыған ештеңе жоқ. Алланың берген қуаты. Екінші халықтың қолдауының арқасында мұндай туннельдерден аман өттім, - жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев.
Сәрсенбай Қотырашев – немере өсіріп, шөберенің алақанынан су ішкен ардақты ата.
Ұрпағым менімен мақтанады-дейді ақсақал.
Миссиясын орындаған соң елге оралып, отбасымен қауышуға асық. Ал келер жылы 9 мемлекетті бағындыруға ниетті.