Жезқазғанда тұрғын үй өртенді: 11 адам құтқарылып, төртеуі арнайы қалпақпен эвакуацияланды

Өрт төрт қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Құтқарушылар 11 адамды аман алып қалды.

 ©BAQ.KZ архиві 1 Қараша 2026, 20:52
1 Қараша 2026, 20:52
157
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Жезқазғанда төрт қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 11 адамды эвакуациялап, аман алып қалған. 

Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шыққан. Жалын асүй жиһазы мен тұрмыстық техниканы шарпыған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеті адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Тағы төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен аман алып қалынды.

Өрт 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх