Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жезқазғанда өрттен 9 адам құтқарылды

Бүгiн, 13:55
174
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жезқазған қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде қатты түтін басқаны анықталып, бұл тұрғындар үшін қауіп төндірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетті. ТЖМ қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізіп, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды.

Нәтижесінде құтқарушылар тоғыз адамды эвакуациялады, олардың төртеуі — балалар, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Белгілі болғандай, тағы 72 тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы