Жезқазғанда газдандырудың екінші кезегі сәтті іске асуда

Бүгiн, 20:52
117
Бөлісу:
Жезқазғанда газдандырудың екінші кезегі сәтті іске асуда
PHOTO
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жезқазғандағы 91-94 орамдардың, Батыс және 7-8 шағынаудандарының алғашқы абоненті көгілдір отынды пайдалануды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл - Ұлытау облысының орталығын газдандырудың екінші кезегі.

Күрделі жұмыс жалпы үш кезектен тұрады.

Жезқазғанда газдандырудың екінші кезегі сәтті іске асуда

Біріншісі: Талап, Қабанбай, Бөгенбай батыр шағын ауданын

Екіншісі: Қостангелді, Бекболатсай, Батыс шағын аудандары мен 91-94 орамдар

Үшіншісі: Жезқазған қаласының 66-84 және 4-6 орамдарын газбен қамтамасыз ету.

Жезқазғанда газдандырудың екінші кезегі сәтті іске асуда

Қазіргі күні өңірде жалпы саны 3654 үйге арналып газ желісі тартылса, соның 1000-ға жуығы көгілдір отынның қызығын көруде. 91-94 орам мен батыс ауданның өзінде 1711 үйге желі жеткізілген. Сол себепті тұрғындарды көгілдір отынға қосылуға шақырамыз!

Өзгелердің жаңалығы