Жезқазған қаласында ақшалай сыйақы үшін интернет-сайттардың мекенжайларындағы есірткі жарнамасы туралы хабарландыру қалдырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 26 жастағы жігітке сот үкім ішықты.
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі заттарын тарату және оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді.
Үкім заңды күшіне енбеген.