Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын 200 Telegram-канал бұғатталды

21 Қараша 2024, 21:49
1041
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  -архив
Фото: Артём Чурсинов -архив

Жезқазғанда есірткі заттарын жарнамалайтын Telegram-каналдары бұғатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған қаласы прокуратурасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналасатын 200 Telegram-каналды анықтады.

Қабылданған шаралармен «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы аталған есірткі сайттары бұғатталды, осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы