Жезқазғанда 54 жер телімі мемлекетке қайтарылды

6 Қараша 2024, 19:22
307
Бөлісу:
Жезқазғанда 54 жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: pixabay.com

Жезқазған қаласының прокурорлары жалпы ауданы 4 гектарды құрайтын 54 жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, бұл жерлер ұзақ уақыт игерілмей, мақсатына сай пайдаланылмаған.

Айта кетейік, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үйқұрылысы үшін жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылады, - делінген хабарламада.


Жер учаскелерінің кадастрлық құны 86,5 млн теңгеден асады.

Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес уәкілетті орган жерді мемлекетке қайтарды, кінәлілер жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы