Бүгін сағат 12:00-ге дейін барлығы 75 көлік балшықтан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 1 автобус, 10 жүк көлігі және 36 шағын автобус пен 28 жеңіл көлікке көмек көрсетілді.
Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған, - делінген хабарламада.