Жезқазған көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді – Қасымбек

27 Мамыр 2021, 22:31
5323
Бөлісу:
Жезқазған көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді  – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласына барды.

Бүгін жұмыс сапарымен Жезқазғанда болдым. Ең әуелі дәрігерлермен кездестім. Қалада коронавирус бойынша жағдай тұрақты. Жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу мәселелерін толықтай шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қалаға медицина кадрларын тарту және жас дәрігерлерге тұрғын үй беру мәселесі жергілікті бюджет және Қазақмыс корпорациясы есебінен оңтайлы шешілуде, - деп жазды облысы басшысы.

Әкім онкологиялық орталықты орналастыру үшін дайын ғимарат таңдалынып алынғандығын айтты.

Жезқазған көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді  – Қасымбек

Жезқазған тұрғындары қалада онкологиялық орталықты ашу мәселесін көтерген болатын. Жобалық-сметалық құжаттама қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Онкологиялық орталықты орналастыру үшін дайын ғимарат таңдалынып алынды. Қаражат тек жөндеу жұмыстары мен жабдықтауға ғана қажет. Ал маусым айында перзентхана орналасатын үй-жайларды күрделі жөндеу жұмыстары басталады, - деді ол.

Жезқазған көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді  – Қасымбек

Жезқазғанда барлығы 25,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Қала тұрғындарының жол сапасына қатысты шағымдары баршылық. Биылғы жылы қаланың 10 км аса көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді. Жалпы, алдағы жылдары қала жолдарына ерекше назар аударылатын болады.  Қалада Алаша хан көшесінде тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жезқазғанда барлығы 25,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл өткен жылдың көлемінен 21% - ға артық. Бұдан басқа, жеке тұрғын үй құрылысы дамуда. Биыл 60 аула абаттандырылады, - деп жазды Қасымбек.

Жезқазған көшелерін жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді  – Қасымбек

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде жылу жабдықтары бойынша мамандар мен құрылысшыларды дайындау үшін екі заманауи құзыреттілік орталығы ашылды.

Жұмыс сапары барысында апатты үйлерді бөлшектеу барысымен таныстым. Биыл бұзуға жататын 24 үйдің тұрғындарын көшіру жоспарлануда. Үйлерді кезең-кезеңмен бағалау жүргізілуде, есептердің дайын болуына қарай тұрғындарға өтемақы төленетін болады. «Жас маман» ұлттық жобасына қатысып жатқан Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде болдым. Осы жобаның арқасында колледжде жылу жабдықтары бойынша мамандар мен құрылысшыларды дайындау үшін екі заманауи құзыреттілік орталығы ашылды, - деп жазды ол.



Өзгелердің жаңалығы